Шыңжаңның Қарамай қаласындағы «Ат үсті ойындары» мерекенің мерейін асырды (4)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 6 мамыр
Шыңжаңның Қарамай қаласындағы «Ат үсті ойындары» мерекенің мерейін асырды

6 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- «1 мамыр» мерекесінде Шыңжаң, Қарамай қаласының тұрғындары бәйге алаңында мерекені тойлауға арналған «ат үсті ойындарын» тамашалады. Ат жарысында шабандоздар атына қамшы басып, бірінен бірі озып, бәйгенің көрігін қыздырды. Солтүстік Шыңжаңның қалалары мен елді мекендерінен келген 40-тан астам жүйрік, тай, құнан бәйгеге және 15 шақырымдық аламан бәйгеге қатысты. Осы аралықта қала тұрғындары мен туристер көкпар, қыз қуу сияқты ойындарды да тамашалады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото