Си Цзиньпиннің коммунистік жастар одағына артқан үміті (2)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 мамыр
Си Цзиньпиннің коммунистік жастар одағына артқан үміті

10 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 10 мамыр күні таңертең Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайында Қытай Коммунистік Жастар Одағының құрылғанына 100 жыл толу мерекесі салтанатты түрде өтті. ҚКП Орталық комитетінің Бас Хатшысы, мемлекет Төрағасы және Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин жиналысқа қатысып, маңызды баяндама жасады.

Си Цзиньпин Коммунистік Жастар Одағынан күтетін үмітін былайша жеткізді: Біріншіден, партия үшін дарындыларды тәрбиелеп, әрқашан Қытай жастарының идеологиялық прогресіне жетекшілік ететін саяси мектеп болу; екіншіден, саналы түрде жауапкершілікті өз мойнына алып, мәңгілік күрес жолындағы Қытай жастарының алдыңғы шебінде жүру; үшіншіден, жастарға үнемі қолдау көрсетіп, әрқашан партия мен жастар арасындағы ең берік көпірге айналу; төртіншіден, өзін-өзі жетілдіруде батылдық танытатын, әрқашан партияның соңынан еретін, қоғамның алдыңғы шебінде жүретін озық ұйымға айналу.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото