«Тяньчжоу-4» ғарыш жүк кемесі Қытай ғарыш станциясымен түйісті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 мамыр
«Тяньчжоу-4» ғарыш жүк кемесі Қытай ғарыш станциясымен түйісті

10 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың басқарылатын ғарыштық инженерлік кеңсесінің мәліметі бойынша, «Тяньчжоу-4» ғарыш жүк кемесі орбитаға шыққаннан кейін, 2022 жылғы 10 мамырда Бейжің уақытымен сағат 8:54-те автономды жылдам түйісу және қондыру режимі арқылы ғарыш станциясы Тяньхэ өзекті бөлімнің артқы портымен сәтті түйісті.

Бейжің уақытымен 10 мамыр күні сағат 1:56-да «Тяньчжоу-4» ғарыш жүк кемесі бар «Ұзақ жорық-7 Яо-5» зымыран тасығышы тұтандырылып, еліміздің Хайнань өлкесіндегі Вэньчан ғарыш алаңында ұшырылды. Сағат 2:23-те ғарыш жүк кемесінің күн батареялары бірқалыпты жұмыс істей бастады және ұшыру толығымен сәтті өтті.

Мәліметтерге сәйкес, «Тяньчжоу-4» ғарыш жүк кемесі «Шэньчжоу-14» ғарыш кемесінің 3 ғарышкерінің 6 ай бойы орбитада болу шығын материалдарымен, отынмен, қолданбалы тәжірибелік (сынақ) жабдықтармен, үлгі материалдармен, қосалқы бөлшектермен және кейбір қажетті заттармен толтырылған. Кездесу және қондыру жұмыстары аяқталғаннан кейін, ол біріктірілген ұшу сегментіне ауыстырылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото