Қытайда үстірт альпі аймақтарында зілзалаға қарсы тұру және оның салдарын жою бойынша «Төтенше жағдай миссия-2022» оқу-жаттығуы өтті (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 мамыр
Қытайда үстірт альпі аймақтарында зілзалаға қарсы тұру және оның салдарын жою бойынша «Төтенше жағдай миссия-2022» оқу-жаттығуы өтті

12 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Биылғы жылдың 7-13 мамыры аралығында апаттардың алдын алу және олардың салдарын жою бойынша ақпараттандыру апталығы өтіп жатыр. Мемлекеттік кеңестің зілзалаға қарсы тұру және апаттан құтқару штабы, төтенше жағдайларды басқару бөлімі мен Ганьсу өлкелік халық үкіметі бірлесіп 11 мамырда Ганьсу өлкесінің Чжанъе қаласында үстірт және альпі аймақтарында зілзалаға қарсы тұру және апаттан құтқаруға арналған «Төтенше жағдай миссия-2022» оқу-жаттығуы өтті.

Төтенше жағдайларды басқару департаментінен тілшінің алған мәліметінше, негізгі оқу-жаттығу алаңы Ганьсу өлкесі Чжанъе қаласындағы Ганьчжоу аумағындағы қосалқы жаттығу алаңында Цзяюгуань, Цзюцюань, Цзиньчан және Вувэйде төрт қала бөлініп оқу-жаттығу жүргізді. Нақты оқу-жаттығуға жалпы 5000-нан астам адам қатысты. Онда 9 ірі ұшақ, сондай-ақ кейбір темір жол, авиация, тас жол ресурстары, командалық көліктер мен құтқару техникасы және кейбір шағын және орта ұшқышсыз ұшақтар пайдаланылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото