Сычуань өлкесі Пинву ауданы: Пион гүлдері Тибет топырағын әсем түске бояды (4)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 мамыр
Сычуань өлкесі Пинву ауданы: Пион гүлдері Тибет топырағын әсем түске бояды

13 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Сычуань өлкесі, Мианьян қаласы, Пинву округі, Хуанянгуань Тибет елді мекенінде 700 гектардан астам жердегі пион гүлдері толық гүлдеп, көптеген туристер мен фотосурет әуесқойларын баурады.

Құлпырған пион гүлдері ауылды әсем түске бөлеп қана қоймай, сонымен қатар фермерлердің қаржылық жағдайларына оң ықпал етті. Хуанянгуан Тибет ауылының пион гүлін егу тарихы бар. Соңғы жылдары бұл ауыл пион егіншілігінің дамуын туризммен біріктіріп, ауыл туризмін белсенді түрде дамытып, ауылдың жандануына ықпал етті. Кезіндегі қиыр шалғайдағы ауыл қазіргі күні алыс-жақынға танымал «гүл мекеніне», пион гүлдері «табыс көзіне» айналды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото