Еліміз атмосфераны ғылыми бақылау бойынша әлемдік рекорд орнатты (8)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 16 мамыр
Еліміз атмосфераны ғылыми бақылау бойынша әлемдік рекорд орнатты

16 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 15 мамырда таңғы сағат 01:00 шамасында Қытай Ғылым академиясының Эверест стансасы маңында 4270 метр биіктіктегі «Цзиму №1» III типті қалқымалы дирижабль алаңнан көтерілді. Сағат 4:40-та дирижабль 4762 метр биіктікке көтеріліп, 9032 метр биіктіктегі атмосфераны ғылыми бақылау бойынша әлемдік рекорд орнатты.

Ақпараттарға сәйкес, осы бақылау миссиясы үшін пайдаланылған дирижабль - еліміздің дербес әзірлеген арқандаулы аэростаты. Дирижабльдің жоғары биіктіктен жинаған ғылыми деректері аймақтық су айналымын зерттеуге, қадағалауға, жердегі және ауадағы атмосфералық су буы мен құрамының өзгерісін бақылауға пайдаланылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото