Саньсиндуй байырғы жұртынан жаңадан табылған мәдени мұралар алғаш рет жұртшылықпен жүздесті (4)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 мамыр
Саньсиндуй байырғы жұртынан жаңадан табылған мәдени мұралар алғаш рет жұртшылықпен жүздесті

18 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 18 мамыр – Халықаралық мұражай күні болып табылады. Осы күні Сычуань өлкесі мен Чунцин қаласында Халықаралық мұражай күніне арналған іс-шаралары ұйымдарстырылды. Іс-шарада Саньсиндуй тасаттық беру аймағындағы жаңадан табылған бірнеше қола бұйымдардың тұсауы кесілді. Олардың ішінде қоладан жасалған киелі аң мен өрмелеген айдаһар формасындағы қола ыдыс алғаш рет жұртшылықтың назарына ұсынылды.

Қоладан жасалған киелі аңның ұзындығы 28,5 см, биіктігі 26,4 см, ал ені 23 см-ді құрайды. Бейнесі көкке қарап, жүріп бара жатқан аңға ұқсайды. Өрмелеген айдаһар формасындағы қола ыдыстың диаметрі 25 см, биіктігі 24 см-ді құрайды.

Бұл екі мәдени жәдігер табылған кезден бастап өте танымал болды. Олар Саньсиндуй өркениетінің терең мәдени коннотациясын және тамаша қола шеберлігін одан әрі көрсетіп, «Ежелгі Шу мәдениеті Қытай өркениетінің маңызды бөлігі» деген негізгі түсінікті тіпті де анық көрсетіп береді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото