«Бақыт құсы» қанатын кеңге жайды! AC313A алғашқы ұшуын сәтті орындады (5)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 мамыр
«Бақыт құсы» қанатын кеңге жайды! AC313A алғашқы ұшуын сәтті орындады

18 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 17 мамыр күні таңертең, Қытайдың Қытай авиациялық өнеркәсіп корпорациясы (AVIC) өзі жасаған «Бақыт құсы»(Цзи Сянняо)AC313A ірі көп мақсатты азаматтық тікұшағы Цзянси өлкесінде өзінің алғашқы ұшуын сәтті аяқтады. Бұл еліміздің авиациялық апаттан-құтқару техникасы жүйесінің құрылысы жаңа белеске шыққанын білдіреді.

AC313A 13 тонналық ірі тұрпатты, көп мақсатты азаматтық тікұшақ болып табылады. Оны үстірт, жоғары және төмен температуралы сияқты күрделі аймақтар мен климаттық орталарда қолдануға болады.

Арнайы дизайн арқылы AC313A тікұшағы жедел медициналық құтқару, төтенше жағдайды басқару және жан-жақты құқық қорғау сияқты тапсырмаларды орындау мүмкіндігіне ие. Төтенше флотациялық жүйені орнатқаннан кейін ол теңіздегі құтқару тапсырмаларын да орындай алады. Бұл еліміздің бүкіл аумағында, барлық ауа-райында көп мақсатта қолданатын қажетін қанағаттандырады. Сөйтіп ол отандық ірі азаматтық тікұшақтардың авиациялық апаттық-құтқару мүмкіндіктерін және жоғары сапалы қамтамасыз ету мүмкіндіктерін жақсартады. Сонымен бірге еліміздің авиациялық апаттық-құтқару жүйесінің құрылысына тірек бола алады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото