Си Цзиньпин: Қытайдың жоғары деңгейдегі ашықтықты кеңейту туралы шешімі өзгермейді (2)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 мамыр
Си Цзиньпин: Қытайдың жоғары деңгейдегі ашықтықты кеңейту туралы  шешімі өзгермейді

19 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 18 мамыр күні, Қытай халықаралық сауданы ілгерілету кеңесінің құрылғанына 70 жыл толуының мерейтойына арналған конференциясында және сауда мен инвестицияны ынталандыру жаһандық саммитінде бейне сөз сөйледі.

Си Цзиньпин былай деп атап көрсетті: «1952 жылы Қытай халықаралық сауданы ілгерілету кеңесі (CCPIT) құрылғаннан бері Қытайда бой көтеріп, бүкіл әлемге бет түзеп, Қытай мен шетелдік кәсіпорындардың мүдделері арасындағы байланысты нығайтып, халықаралық экономикалық және сауда алмасуларын ілгерілетуде, мемлекет пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға ықпал етуде маңызды рөл атқарды. Қытай халықаралық сауданы ілгерілету жөніндегі кеңесінің 70 жылдық тарихы Қытайдың ашықтықты үздіксіз кеңейтуінің маңызды көрінісі, сонымен қатар әлемнің түкпір-түкпіріндегі кәсіпорындар үшін даму мүмкіндіктерімен бөлісіп, өзара тиімділік пен ортақ ұтысқа жетудің маңызды дәлелі болып табылады.

Си Цзиньпин: «Қазіргі уақытта ғасырлық өзгерістер мен ғасырлық індет бір-бірімен тоғысып байланысты, экономикалық жаһандану кері ағыстарға тап болып, әлем жаңа толқулар мен өзгерістер кезеңіне аяқ басты. Әр түрлі елдердің іскер топтары бейбіт дамуға үміт артты, тепе-теңдік пен әділеттілікті күшейтіп және ынтымақтасу арқылы ортақ ұтысқа жету талабы анағұрлым күшейе түсті», -деп атап өтті.

Си Цзиньпин мынадай 4 ұсыныс жасады:

Біріншіден, індетті жеңу үшін бірге жұмыс істеуіміз керек. Коронавирус індетінің созылмалы қайталануы адамдардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндірді және әлемдік экономиканың дамуына айтарлықтай елеулі әсер етті. Халық бәрінен маңызды, денсаулық бәрінен маңызды, вакцинаны зерттеу-әзірлеу, өндіру және тарату саласындағы халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде жүзеге асыру керек, әлем бойынша қоғамдық денсаулықты басқаруды күшейтіп, індетке қарсы көптеген қорғаныс желілерін құру және адамзат денсаулығының ақаусыз ортақ тұлғасын құру қажет.

Екіншіден, сауда мен инвестицияны жандандыру. Індеттен қорғану мен экономикалық дамуды үйлестіру, сондай-ақ әртүрлі елдердің макроэкономикалық саясатын сәйкестіруді нығайту қажет. Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібін жан-жақты ілгерілетіп, әлемдік экономиканың қозғаушы күшін, режимі мен құрылымын өзгерту арқылы әлемдік экономиканың ұзақ мерзімді, салауатты және тұрақты даму жолына түсуіне ықпал ету керек. Дүниежүзілік сауда ұйымын өзек еткен көпжақты сауда жүйесін қолдау, жаһандық өнеркәсіп тізбегі мен жеткізу тізбегінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын оңтайландыру, үлкен торт болатын ынтымақтастықтың аясын кеңейтіп, даму жетістіктерін барлық елдердің халқының игілігіне айналдыру қажет.

Үшіншіден, инновацияны айнымай ұстану. Инновацияның өсуінің әлеуетін аша түсу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды бірлесіп күшейту, жан-жақты қатысу және консенсус құру негізінде ережелер мен қағидаларды тұжырымдау, ғылыми-техникалық даму үшін ашық, тең, әділ және кемсітушіліксіз орта құру қажет. Инновациялық алмасулар үшін ынтымақтастықты тереңдету, ғылым мен техниканың экономикамен терең интеграциялануына ықпал ету, инновациялық жетістіктерді бөлісуді кеңейту және білім, технология, дарындылар сияқты инновациялық элементтердің ағынын шектейтін кедергілерді жоюға ұмтылу қажет.

Төртіншіден, жаһандық басқаруды кемелдендіру. Біз шынайы көпжақтылықты ұстануға, бірге кеңесу, ортақ құру, ортақ бөлісуді қамтитын жаһандық басқару тұжырымдамасын жүзеге асыруға, жаһандық ресурстарды жұмылдыруға, жаһандық сын-қатерлерге төтеп беруге, жаһандық дамуға ықпал етуге тиіспіз. Біз қарама-қайшылықсыз диалогты, бөгет құруды емес бөгетті бұзуды, бөлінуді емес бірігуді, шетке қағуды емес инклюзивтілікті, тепе-теңдік пен әділеттілікті қолдайтын ұстаным арқылы жаһандық басқару жүйесін реформалауға жетекшілік етуіміз керек.

Си Цзиньпин: «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бейбітшілікке, дамуға, ынтымақтастыққа және ортақ ұтысқа жету жолын ұстанып, әлемдік экономика, халықаралық сауда мен инвестицияның қазіргі мәселелерін бірлесіп шешіп, кемел келешекке бірге қадам басайық», - деді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото