Цинхай-Тибет үстіртіндегі «Марал клубы» (7)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 23 мамыр
Цинхай-Тибет үстіртіндегі «Марал клубы»

23 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Тибет автономиялық регионының Камдо қаласындағы Левуки марал ұлттық қорығында үйір-үйір Тибет маралдары тіршілік етеді.

1970 жылдары Камдо қаласы Левуки ауданына қарасты ауылда тұратын Сянцю Ламу үш саяқ маралды тауып алып, бағып-қағады. Содан бері онымен марал арасында терең сүйіспеншілік орнайды. Ол 40 жылдан астам уақыттан бері жүздеген маралдарды асырап, үйіріне қосты. Қазір оның екі ұлы анасының ізін басып, маралдарды баптау міндетін жалғастыруда.

Тибет маралы - маралдың бір түрі және ұлттық екінші деңгейдегі негізгі қорғалатын жануар. 1990 жылдардың басында құрып кету қаупі төнген жануарларға арналған халықаралық конференция тибет маралы «Жойылып кетті» деп есептеген болатын, бірақ Тибет жабайы табиғатты қорғау қызметкерлері Лейвуки ауданында Тибет маралдарының әлі де бар екенін байқайды, содан 1993 жылы Левуки марал қорығын құрды. Қорық 2005 жылы Лейвуки марал ұлттық табиғи қорығы болып жаңартылды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото