Сычуаньда Цзялин өзеніне 100 мыңнан астам балық шабақтары жіберілді (5)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 23 мамыр
Сычуаньда Цзялин өзеніне 100 мыңнан астам балық шабақтары жіберілді

23 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жуықта Сычуань өлкесінің Пэньань ауданы Цзялин өзенінің балық ресурстарын көбейту және өзенге шабақ қоя беру іс-шараларын жүзеге асырды. Қытай балығы, қазанбас балық сияқты 100 000-нан астам балық шабақтары ауданнан ағып өтетін Цзялин өзеніне құйып, судың экологиялық ортасын одан әрі қалпына келтіруге әрекет жасап жатыр.

Соңғы жылдары Пэньань ауданы «Яңцзы өзенінде балық аулауға он жыл тыйым салу» туралы тиісті саясаттар мен шараларды қатаң түрде орындап, су экологиясын қалпына келтіруді жеделдетіп, Цзялин өзенінің экологиялық ортасын қорғауға бар күш-жігерін салды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото