Си Цзиньпин БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелетпен кездесті (2)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 25 мамыр
Си Цзиньпин БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелетпен кездесті

25 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай төрағасы Си Цзиньпин 25 мамыр күні Бейжіңде БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелетпен бейнебайланыс арқылы кездесті.

Си Цзиньпин Мишель Бачелет ханымды Қытайға келуімен құттықтады. Қытай тарихы және мәдениетімен ұштастыра отырып, Қытайдың адам құқықтары жөніндегі ісін дамытуға қатысты негізгі мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталып, Қытай партиясы мен үкіметінің адам құқықтарын жан-жақты қорғауға және қамтуға ұмтылатыны туралы қағидатты ұстанымын көрсетті. Төраға Қытай коммунистік партиясы дүниеге келген күннен бастап Қытай халқының бақыты мен Жұңхуа ұлтының гүлденуін өзінің бастапқы миссиясы етіп, 100 жылдан астам уақыттан бері халық мүддесі үшін күресіп келгенін баса айтты. Сонымен бірге Адамдардың жақсы өмірге деген ұмтылысы – біздің мақсатымыз екенін жеткізді. Ұзақ уақыт бойы қажырлы еңбектен кейін, Қытай заман ағымына сәйкес келетін және ұлттық жағдайға сай адам құқықтарын дамыту жолына сәтті түскенін баса дәріптеді. Төраға біз бүкіл процесте халықтық демократияны дамытып, адам құқығын заң арқылы қорғауды ілгерілетудеміз, әлеуметтік әділдік пен әділеттілікті қорғап, Қытай халқы бұдан да кең, толық және жан-жақты демократиялық құқықтарға ие болып отыр. Қазір Қытай халқының адам құқықтары бұрын-соңды болмаған кепілдікке ие болды деді.

Си Цзиньпин адам құқықтарын қорғауда ең жақсы деген ұғым жоқ, тек бұданда жақсы деген ұғым бар. Қытай барлық тараптармен теңдік және өзара құрмет негізінде адам құқықтары жөніндегі диалог пен ынтымақтастықты белсенді түрде жүзеге асыруға, консенсусты кеңейтуге, келіспеушіліктерді азайтуға, бір-бірінен үйренуге, ортақ алға басуға және халықаралық адам құқықтары ісін бірлесіп ілгерілетуге, сөйтіп әр елдің адамдарына бақыт жаратуға дайын екенін атап өтті. Төраға Қазіргі уақытта ең бастысы - төрт нәрсені жақсы орындау екенін көрсетті.

Біріншіден, адамды өзек етуге табанды болу. Біз халық мүддесін бастапқы және сөңғы нүкте етіп алып, халықтың ең көкей тесті, ең тіке және ең шынайы мүдделерін үздіксіз шешіп, халықты бақытты тұрмысқа жеткізуге құлшынуымыз керек. Бұл нағыз ең үлкен адам құқығы болмақ. Бір елдегі адам құқықтарының жағдайы жақсы ма, жаман ба, ол оның халқының мүдделері қорғалғанына және адамдардың табыс, бақыт пен қауіпсіздік сезімінің жоғарлағанына байланысты. Бұл бір елдегі адам құқықтарының жағдайын сынау мен тексерудің ең маңызды стандарттары болып табылады. Халық шын мәнінде өзіне қожа болып, адам құқықтарын дамытудың негізгі қатысушыларына, жәрдемдесушілеріне және бенефициарларына айналуы керек.

Екіншіден, әр елдің адам құқықтарының даму жолдарын құрметтеу. Адам құқықтары тарихи, нақты және шынайы. Әр ел ұлттық жағдайлары, тарихи мәдениеті, әлеуметтік жүйелері, экономикалық және әлеуметтік даму деңгейлері бойынша ерекшеленеді, сондықтан адам құқықтарын дамытуда міндетті түрде өз елінің ұлттық жағдайы мен халқының қажетіне сәйкес жұмыс істеп, өзіне сәйкесетін адам құқығы даму жолын іздеу керек. Шынайылықтан алшақтап, басқа елдердің жүйелік үлгісін көшіріп алу үйлесе алмауды ғана келтіріп шығармайды, сонымен бірге апаттық нәтиже беруі мүмкін. бұдан соңында халық зардап шегеді. Осыған байланысты көптеген мысалдар бар, сондықтан ескеру керек.

Үшіншіден, адам құқықтарының барлық түрлерін ескеру. Адам құқықтарының мағынасы толық, бай және жан-жақты жүзеге асырылуы және жүйелі түрде насихатталуы керек. Дамушы елдер үшін өмір сүру және даму құқығы басты адамдық құқықтар болып табылады. Біз неғұрлым сапалы, тиімді, әділетті, тұрақты және қауіпсіз дамуға қол жеткізуге ұмтылып, адам құқықтарының дамуына берік кепілдік беруіміз керек.

Төртіншіден, адам құқықтарын жаһандық басқаруды күшейту. Адам құқықтарын ілгерілету және қорғау бүкіл адамзаттың ісі және көпшіліктің бірлескен күш-жігерін талап етеді. Адам құқығы мәселесіне келгенде, мінсіз «Армандағы ел» жоқ, басқа елдерге нұсқау беретін «Ұстаздың» қажеті де жоқ, адам құқықтары мәселесін саясаттандырып, құралдандырып, қосарланған стандарттар қолдануға, адам құқығын пайдаланып басқа елдердің ішкі істеріне араласуға тіптен болмайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын ұстану, бүкіл адамзаттың ортақ құндылықтарын дәріптеу және адам құқықтарын жаһандық басқарудың неғұрлым әділ, орынды және кеңдік бағытта дамуына ықпал ету қажет. Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық адам құқықтары ісін ілгерілетудегі белсенді күш-жігерін қолдауды жалғастырады.

Мишель Бачелет: «Қытай тарапы індеттің қиындықтарын жеңе отырып мені қабылдағаны үшін алғысымды білдіремін. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының Қытайға 17 жылдан бергі бірінші сапары болып табылады. Мен бұл сапарды өте жоғары бағалаймын және оны қадірлеймін. Мен Қытай үкіметімен және қоғамдағы барлық халық топтарымен кең ауқымды байланыста болып және тікелей пікір алмастырамын. Бұл сапар менің Қытайды жақсырақ түсінуіме көмектеседі деп ойлаймын. Қытайдың кедейшілікті жою, адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік-экономикалық дамуды жүзеге асыру және т.б. жағындағы күш-жігері мен жетістіктеріне тәнтімін. Қытайдың көпжақтылықты қорғау, климаттың өзгеруі сияқты жаһандық сын-қатерлерді шешудегі және жаһандық тұрақты дамуды ілгерілетудегі маңызды рөлін бағалаймын. Адам құқықтары жөніндегі комиссия Қытай тарапымен байланысты нығайтуға, ынтымақтастықты зерттеуге және жаһандық адам құқықтары ісінің ілгерілеуіне ықпал ету үшін бірлесіп күш салуға дайын», -деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото