Қорыққа жіберілген құландар Шыңжаңдағы Қарамайлы жайылымында емін-еркін жайылды (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 25 мамыр
Қорыққа жіберілген құландар Шыңжаңдағы Қарамайлы жайылымында емін-еркін жайылды

25 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңдағы Қарамайлы тау тұяқтарының жабайы жануарлар қорығында (бұдан әрі - Қарамайлы) жүздеген құлан емін-еркін серуендеп, жайылып жүр. Жоңғар ойпатының шығыс бөлігінде орналасқан Карамайлы - еліміздегі бірден бір тау тұяқты жабайы жануарлар шоғырланған қоңыржай шөлді аумақ, құрып кету қаупі төнген керқұландардың таралған жері, әлемдегі ең көлемді жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасы мен көбею алаңы.

Соңғы жылдары Шыңжаңдағы сирек кездесетін, құрып кету қаупі төнген және ерекше популяцияларды сақтау және қорғау жөніндегі шаралардың үнемі күшейтілуіне байланысты жабайы жануарлардың маңызды мекендейтін жерлері мен популяцияларының саны қалпына келтіріліп, кеңейе түсті. Керқұлан, қарақұйрық, моңғол құландары сияқты тұяқты жануарлардың саны Карамайлыда да айтарлықтай өсті. Осы уақытқа дейін қорыққа жіберілген құландардың жалпы саны 328 басқа жетті, бұл 2001 жылы алғаш рет жіберілген құландардың жалпы санынан 10 есеге көп болып табылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото