Таулы аймақтағы мектептің он жылы (7)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 30 мамыр
Таулы аймақтағы мектептің он жылы

30 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Гуанси, Ду-ань Яо ұлттық автономиялық ауданы, Лонфу ауылындағы Юдун бастауыш мектебі 1964 жылы құрылған. Мектеп табиғаты қатал Даши таулы аймағында орналасқан. 2012 жылы мамырда тілші бұл өңірге алғаш келген кезде мектеп үйі өте қарапайым, екі ғана ескі оқу ғимараты бар, оқушылар ұжымдық жатақханадағы жалғамалы төсекте қысылып жататын еді. Тіпті сабақхананың соңғы қатарына да жалғамалы төсектер қойылып, ұстаздар плиткалы үйлерде тұрған. Ол кезде Юдун ауылындағы 20-дан астам елді мекенде аз ғана қиыршық тас төселген жолдар болды да, оқушылардың көпшілігі мектепке жету үшін таудан асып, бір-екі сағат уақыт жұмсайтын.

Соңғы он жылда кедейшілікті нақты жою және білім беруді жандандыру жұмысын барынша қолға алғаннан бері, жергілікті аймақ Юдун бастауыш мектебін қалпына келтіру және кеңейту үшін көп қаражат жұмсап, жаңа оқу ғимараттарын, жатақхана, баскетбол алаңын, асханалар, су шкафтарын, дәретханалар және т.б. құрылғыларды орнатып, мектеп жаңа кейіпке енді. Мектеп ғимаратының ауданы бұрынғыдан екі есеге ұлғайып, білім беру жағдайы айтарлықтай жақсарды. Сондай-ақ мектеп қабырғасында қашықтан оқыту жүйесімен жабдықталған мультимедиялық кабинеттер, вокалдық музыка кабинеттері, кітапханалар және т.б. орындар жасақталып, балалардың таулы аймақта да ғажайып әлемді танып-білуіне жағдай жасалды. Сонымен қатар, бастауыш мектеп орналасқан Юдуннан өзге елді мекендерге қатынайтын тас жолдар салынды. Бұған қоса аймақты кесіп өтетін екінші дәрежелі тасжол іске қосылып, балалардың таулы аймақтан өзге өңірлерге қатынауына да қолайлы жағдай орнықты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото