- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин Сянган арнайы әкімшілік регионының алтыншы басшысы Ли Цзячаомен кездесті
31 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 30 мамыр күні түстен кейін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Дяоюйтай мемлекеттік қонақ үйінде жаңадан сайланған, сондай-ақ Орталық үкімет тағайындаған Сянган арнайы әкімшілік регионының алтыншы басшысы Ли Цзячаомен кездесті.
Си Цзиньпин Ли Цзячаоды Сянган арнайы әкімшілік регионына алтыншы басшы болып сайлануымен және Орталық үкімет тарапынан тағайындалуымен құттықтады.
Си Цзиньпин атап көрсеткендей, өткен жылдан бері жаңа сайлау жүйесі бойынша Сянганда сайлау комитетінің сайлауы, заң шығарушы кеңесінің жетінші сайлауы және алтыншы атқарушы ұйымының сайлауы қатарынан сәтті өткізілді. Тәжірибе көрсеткендей, жаңа сайлау жүйесі «Сянганды патриоттықпен басқаруды» жүзеге асыруда, Сянган азаматтарының өзіне билік ету құқығын пайдалануын қамтамасыз етуде, сондай-ақ қоғамның әр саласын Сянганның әлеуметтік жағдайын оңтайландыру ісіне жұмылдыруда шешуші рөл атқарды. Бұл - «бір ел, екі жүйе» саясатына, Сянганның шынайы жағдайына, оның даму бағытына сәйкес келетін саяси және демократиялық жүйелердің жиынтығы. Оны барынша қастерлеп, қолдау керек.
Си Цзиньпин биыл Сянганның отанына қосылғанына 25 жыл толатынын баса айтты. «Соңғы 25 жыл ішінде көптеген қиындықтарға қарамастан, Сянгандағы «бір ел, екі жүйе» тәжірибесі әлем мойындайтын табысқа жетті. Орталық биліктің «бір ел, екі жүйе» саясатын толық әрі нақты жүзеге асыруға деген жігері еш уақытта бәсеңдемейді де, өзгермейді де. Орталық үкіметтің, Сянган арнайы әкімшілік регионы үкіметінің және қоғамның барлық салаларының бірлескен күш-жігерімен Сянган бүлікшіліктен оңалуға тиімді қол жеткізді. Ал қазір Сянған басқарудан өркендеуге дейінгі маңызды кезеңде тұр. Мен Сянган арнайы әкімшілік регионының жаңа үкіметінің әкімшілігі міндетті түрде жаңа атмосфераны қалыптастырады және Сянганның даму деңгейі жаңа кезеңге жетеді деп сенемін».
people.cn © People's Daily Online