3D моделі Дуньхуан суреттерінің мыңжылдық сәулет сұлулығын көрсетеді (5)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 1 маусым
3D моделі Дуньхуан суреттерінің мыңжылдық сәулет сұлулығын көрсетеді

1 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Мамыр айының соңында туристер Дүниежүзілік мәдени мұра санатындағы Ганьсу өлкесінің Дуньхуан қаласындағы Могао гроттоларына барып, «Мың жылдық құрылыс – Дуньхуан суреттеріндегі сәулет сұлулығы» деп аталатын арнайы көрмені тамашалап, гротто өнерінен ләззат алып, Дуньхуан мәдениетін сезінді. Мәліметтерге сәйкес, жалпы 419 түрлі экспонаттар қойылған көрменің жоспарлануына 7 жыл уақыт жұмсалған. Көрме Дуньхуан суретінің сәулет кескіндерін әртүрлі стиль, пішіндермен үш өлшемді сәулеттік қалпына келтіру және цифрлық 3D басып шығарылған сәулет үлгілеріне айналдырған. Сонымен бірге, цифрлық жоғары ажыратылымдағы фреска көшірмелері мен мәдени жәдігерлерді көрмеге қойып, көрермендерге Дуньхуан суреттеріндегі сәулет сұлулығын шынайы сезінуге мүмкіндік жасады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото