2-нші «Жібек жолындағы достық дәнекерін» онлайн марапаттау рәсімі өтті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 маусым

2 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 31 мамырда екінші «Жібек жолындағы достық дәнекерін» салтанатты марапаттау рәсімі онлайн бейне арқылы өтті.

Шараға Қытайдың халықаралық мәдени алмасу орталығы мен People's Daily "Global People" журналы бірлесіп демеушілік жасады.

Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Ұлттық комитеті төрағасының орынбасары, Қытай халықаралық мәдени алмасу орталығының төрағасы Ян Чуаньтан өз сөзінде: «Біздің бүгінгі «Жібек жолындағы достық дәнекерін» марапаттау рәсімін өткізуіміз - «Бір белдеу, бір жолды» құрушылардың тамаша оқиғаларын дәріптеу арқылы адамзат тағдырының ортақ қауымдастығын құрудың жарқын болашағына үлес қосу болып табылады.

People's Daily газетінің бас редакторы Юй Шаолян өз сөзінде: «Бір белдеу, бір жолды» сапалы дамытуда үздіксіз жаңа жетістіктерге жетуді «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдер мен аймақ халқының еңбекқорлығы, даналығы, көрегендігі мен тәжірибесінен бөліп қарауға болмайды. «Жібек жолындағы достық дәнекерін» таңдау және марапаттау олардың Қытай мәдениетін насихаттауға, елдер арасындағы достық алмасуды нығайтуға және тағдыры ортақ адамзат қауымдастығын құруға қосқан үлесін бағалау болып табылады»,-деді.

Осы жолғы «Жібек жолындағы достық дәнекері» 12 жеке жүлде иегерлерін анықтады:

Қазақстандық ғалым Гүлнар Шаймергенова

«Бір белдеу, бір жол» бастамасын зерттеуші, Қытай арқылы қазақстандық астық транзитінің алғашқы партиясын өткізуге үлес қосқан ғалым

 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото