Шыңжаңдағы жергілікті ауыл өнеркәсіптерінің кірісі артты (5)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 маусым

Шыңжаңның Алтай аймағында 60 жастағы Тегіс Жұмаханқызы қолдан жасалған қарасабынды дайындаумен бірге, оны өзінің табыс көзіне айналдырды. Ол қара сабын жасау қолөнерін бала кезінен анасынан үйреніп, күнделікті тұрмыста пайдаланып келгенімен, ешқашан сатып көрмеген. Оның қара сабын жасай алатынын төңіректегі ауылдағылар білгеннен кейін, тапсырыс беріп сатып ала бастады. Кейіннен қара сабын алатындар саны көбейді. Келіні қара сабынды сатып кіріс көзіне айналдырыңыз дегеннен кейін, ол қара сабын арқылы қолөнерімен баю жолына түсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото