Сычуаньның Яньюань ауданында Шан әулетінен Батыс Хань әулетіне дейінгі кезеңдегі мыңнан астам қабір табылды (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 маусым
Сычуаньның Яньюань ауданында Шан әулетінен Батыс Хань әулетіне дейінгі кезеңдегі мыңнан астам қабір табылды

20 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылдың маусым айының ортасындағы жағдай бойынша археологтар Сычуань өлкесінің Яньюань ауданындағы Лаолунтоу жұртынан Шан әулетінің соңынан Батыс Хань әулетіне дейінгі кезеңдегі 1100-ден астам қабірді тазартып, 5000-ға жуық түрлі жәдігерлерді тапты.

Яньюань Лаолунтоу жұрты Сычуань өлкесінің Ляншань И автономиялық облысының Яньюань ауданында орналасқан. 2020 жылдың сәуірінен бастап қазірге дейін Чэнду мәдени жәдігерлер және археология институты, Сычуань мәдени жәдігерлер және археология институты, Ляншань И автономиялық облыстық мұражайы және Яньюань ауданы мәдени жәдігерлерді басқару институты бірлескен археологиялық топ құрып, Лаолунтоу жұртына іздестіру сипатындағы қазба жұмыстарын жүргізді.

Мәліметтерге сәйкес, бұл қазба оңтүстік-батыс Сычуань мен батыс Юньнаньдағы қола мәдениеті дамуын мәдени шежірелік тұрғыда зерттеуде негіз болып, маңызды мағлұмат береді. Сонымен бірге, оңтүстік-батыс аймақтағы әртүрлі этникалық топтар арасындағы барыс-келіс пен алмасу тарихын да растай алады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото