Дүниежүзілік босқындар күні: мекенінен ауғандар (2)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 маусым
Дүниежүзілік босқындар күні: мекенінен ауғандар

21 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 20 маусым – Дүниежүзілік босқындар күні. Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының 16 маусым күні жариялаған соңғы есебіне сәйкес, 2021 жылдың соңына қарай дүние жүзінде ата мекенін тастап, мәжбүрлі түрде босқын болғандар саны 89,3 миллион болып, рекордтық көрсеткішке жеткен. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8%-ға артып, ал он жыл бұрынғыдан екі еседен көп жоғарылаған.

25 мамырда Конгоның Солтүстік Киву өлкесінің (КДР) астанасы Гомада бейбіт тұрғындар қақтығыс салдарынан мекендерін тастай қашты. Жақында үкіметке қарсы «М23 қозғалысының» қарулы мүшелері Конгоның Солтүстік Киву өлкесінің (КДР) бірнеше аймағында үкімет әскерімен атысып, соғыс ашты. Сол себептен көптеген бейбіт тұрғындар мекендерін тастап босқын атанды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото