Дүниежүзілік тропикалық жаңбырлы ормандар күні: Хайнань тропикалық жаңбырлы орман ұлттық саябағын тамашалайық (7)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 23 маусым
Дүниежүзілік тропикалық жаңбырлы ормандар күні: Хайнань тропикалық жаңбырлы орман ұлттық саябағын тамашалайық

23 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 22 маусым – «Дүниежүзілік тропикалық жаңбырлы ормандар күні». Осыған орай, Хайнань тропикалық жаңбырлы орман ұлттық саябағына барып, «жасыл мекеннің» иелерімен танысайық.

Мәліметтерге сәйкес, Хайнань тропикалық жаңбырлы орман ұлттық саябағының орманмен көмкерілу деңгейі 95,85%-ға жетеді. Онда Қытайдағы ең көп шоғырланған және ең жақсы сақталған, аумағы өте кең, түрі мол тропикалық жаңбырлы орман бар. Бұл ара биологиялық тіршілік түрлеріне бай. Онда Хайнань гиббондары, Хайнань Элді бұғылары, Баванглинг қабақ жолбарыстары, Хайнань үшкіл жапырақты санталы, Хайнань ақ кипарисі сияқты ұлттық деңгейде қорғалатын хайуанаттар мен өсімдіктер бар. Ұлттық саябақ әлемдегі тропикалық жаңбырлы ормандардың басты бөлігі, әрі ең оңтайлы экологиялық тосқауыл саналады. Сонымен бірге Хайнаньнің «Экологиялық жасыл жүрегі» деп те аталады. Саябақ ұлттық өкілдік пен жаһандық қорғау маңызына ие. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото