Үрімжі: Аспанда «Арқанмен жүру» серік ойыны қала тұрғындарының түнгі өмірін нұрландырды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 маусым
Үрімжі: Аспанда «Арқанмен жүру» серік ойыны қала тұрғындарының түнгі өмірін нұрландырды

24 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 21 маусым күні кешке 19 жастағы Сайпула Жұмақар қолына ұзын сырық ұстап, Үрімжідегі халқаралық Үлкен базардағы тағам көшесінде, ғимараттардың арасына салынған болат сымның үстінде ұлттық материалдық емес мәдени мұра жобасы - көктегі «Арқанмен жүру» серік ойынын орындады. Шыңжаңда «Давазшылық» деп аталатын бұл серік ойыны биіктікте арқанмен жүру дегенді білдіреді. Мұндай акробатикалық қозғалыс ойынын орындайтындар фунамбулисттер деп аталады. Ойын Шыңжаңдағы ұйғырлардың дәстүрлі акробатикасы болып табылады. Өнерпаз ұзындығы бірнеше метрлік тепе-теңдік таяғын ұстап, тартылған арқанның үстінде жүгіру немесе жүру, секіру немесе биіктікте жату сынды күрделі қимылдарды орындап, көпшілікке өзінің ептілігі мен шеберлігін көрсетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото