Еліміздің Қытай-Еуропа арасындағы алғашқы пойыз желісімен өткен пойыздар саны 10 000-нан асты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 маусым
Еліміздің Қытай-Еуропа арасындағы алғашқы пойыз желісімен өткен пойыздар саны 10 000-нан асты

24 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 23 маусымда 100 TEU электронды өнімдер, механикалық бөлшектер, күнделікті қажетті заттар және басқа да тауарлар тиелген 10 000-ыншы Қытай-Еуропа теміржол экспрессі Чунцин Туанджие ауылының орталық станциясынан батысқа қарай бет алды. Көздеген бағыты - 10 000 шақырымнан астам қашықтықтағы Германияның Дуйсбург қаласы. Чунцин - Қытай-Еуропа арасындағы пойыз желісімен 10 мыңнан астам жүк пойызын жөнелткен елдегі алғашқы қала атанды.

Қытай-Еуропа теміржол экспрессі (Чунцин) еліміздегі алғашқы Қытай-Еуропа теміржол экспресс желісі ретінде 2011 жылы 19 наурызда ресми түрде пайдалануға берілген болатын.

Қазіргі уақытта Қытай теміржол экспрессінде (Чунцин) 40-қа жуық тұрақты жұмыс желісі бар. Олар ел ішіндегі 59 теміржол вокзалы мен 29 порттан бағыт алып, Азия мен Еуропаның 100-ге жуық қаласына жетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото