Жас қаламмен өрнектелген жарқын болашақ (9)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 27 маусым
Жас қаламмен өрнектелген жарқын болашақ

27 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Юньнань өлкесі, Лицзян қаласы, Юншэн ауданында ауыл тұрғындары арасында өте танымал "25-тен енді асқан" қабырға суретшісі бар. Оның желідегі аты - "Лю Сяобэй", шын есімі - Лю Жичэн. Ол өзінің туған жеріндегі Ченхай және Саньчуань қалашықтарының көптеген ауылдарында әртүрлі тақырыптағы 20-дан астам қабырға суреттерін салып, ауылдың көркіне көрік қосты. Өнерлі жанның қабырғаға салған суреттері туралы қысқаша видео да интернетте танымал болып, көптеген туристерді саяхаттауға тартты. Лю Жичэн танымалдылыққа қол жеткізгенімен, асқақтап кеткен жоқ. «Осы заманның арқасында мен сияқты қарапайым жандар да үлкен сахнаға көтеріліп, өнерлерін көрсете алды және қоғамға да сұлулық сыйлады», - дейді ол.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото