Си Цзиньпин: Ғылым мен технологияның тізгінін қолға алайық (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 30 маусым
Си Цзиньпин: Ғылым мен технологияның тізгінін қолға алайық

30 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы және Орталық Әскери Кеңес төрағасы Си Цзиньпин 28 маусым күні Хубэй өлкесінің Ухань қаласында болған қызметтік тексеріс сапары барысында, ғылыми-техникалық дербестік пен өзін әлеуеттендіру елдің өркендеуі мен қауіпсіздігінің негізі болып табылатынын баса айтты. Біз жаңа даму концепциясын толық, нақты және жан-жақты тианақтандыруға, инновациялық даму стратегиясын тиянақты жүзеге асыруға, ғылым мен техниканың тізгінін өз қолымызда берік ұстауға, ғылымды дамытып, әлеуеттендіруде үлкен жетістіктерге жетуге тиіспіз. Сонымен бірге ел дамуының тәуелсіздігін, дербестігін және қауіпсіздігін үздіксіз арттырып, заманауи технологиялар мен жаңа өндірістердің іске қосылуын тездетіп, экономикалық дамудың жаңа өрістері мен мүмкіндіктерін ашып, халықаралық бәсекелестікте артықшылықтарды қалыптастыруымыз керек екенін атап өтті.

28 маусым күні түстен кейін Си Цзиньпин Уханьдағы кәсіпорындар мен қауымдастықтарға келіп, қызметтік тексеріс жұмыстарын жүргізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото