- Барлық ақпарат
Қытайдағы бірінші жоғары жылдамдықты теміржол көпірінің балластсыз жол құрылысы аяқталды (2)
(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 5 шілде
5 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 4 шілдеде Қытайдың бірінші теңіз аралық жоғары жылдамдықты теміржол көпірі, жаңадан салынған Фучжоу-Сямэнь теміржолының Цюаньчжоу шығанағы аралық теңіз көпірінің балластсыз жол құрылысын аяқтап, кейінгі жол төсеу мен көлік қатынасын іске қосу үшін қолайлы жағдай жасады. Жаңа Фучжоу-Сямэнь теміржолы Фуцзянь өлкесінің теңіз жағалауы аймағында орналасқан. Теміржолдың ұзындығы солтүстігі Фучжоу қаласынан басталып, оңтүстігінде Сямэнь қаласы мен Чжанчжоу қаласына дейін жетеді. Желінің жалпы ұзындығы 277,42 шақырым болса, жобалық жылдамдығы сағатына 350 км-ді құрайды. Теміржол желісі толықтай 2023 жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online