Юньнанда сирек кездесетін лотос гүлі бүр жарды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 шілде
Юньнанда сирек кездесетін лотос гүлі бүр жарды

7 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Шілде айында Юньнань өлкесінің бір ұлттық 5А-деңгейдегі туристік көрініс аумағында сирек кездесетін «үлкен бүршік» лотос гүлі шешек атты. Оның 70-ке жуық гүл жапырақшасының бір жағы ақ, бір жағы қызыл түсті болып келеді. Гүлдің осы ерекшелігі көзге бірден түсті. Айтылмыш «үлкен бүршік» гүлі Юньнанда сирек кездесетін жабайы лотос түрлерінің бірі. Қытай Лотос ғылыми-зерттеу институты мамандарының тұжырымдауынша, Юньнандағы екі жабайы «үлкен бүршік» әлемнің басқа жерлерінде құрып кету қаупі бар, сирек лотос болып табылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото