Си Цзиньпин Шыңжаңның Үрімжі қаласында қызметтік тексеріс жүргізді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 шілде
Си Цзиньпин Шыңжаңның Үрімжі қаласында қызметтік тексеріс жүргізді

15 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы және Орталық Әскери Кеңес төрағасы Си Цзиньпин 12 шілде күні түстен кейіннен 13 шілде күні таңертеңге дейін Шыңжаңның Үрімжі қаласындағы Шыңжаң университетін, Үрімжі халықаралық құрлық порты аймағын, Тяньшань ауданындағы Гуюаньсян әлеуметтік аумағын және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы мұражайын аралап, қызметтік тексерісте болды. Шыңжаңның таланттарды дайындауды күшейту, індеттің алдын алу-тізгіндеу мен экономикалық және әлеуметтік дамуды біртұтас жоспарлау, ұлттардың өзара ынтымағын нығайту және Жұңхуа ұлтының ортақ тұлға танымын берік орнату сияқты салалық жағдайлармен танысты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото