- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин қырғыз халқының батырлық эпосы «Манасты» тыңдады
15 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы және Орталық Әскери Кеңес төрағасы Си Цзиньпин 13 шілде күні таңертең Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы мұражайына келіп, «Шыңжаң тарихи жәдігерлері» көрмесін тамашалап, қырғыз халқының батырлық эпосы «Манасты» тыңдады. Төраға материалдық емес мәдени мұра «Манастың» орындаушыларымен тілдесіп, өнерпаздардың батырлық эпосты тартымды орындағанын жеткізді. Си Цзиньпин Қытай өркениетінің ауқымды, терең және ұзақ тарихы бар екенін, оның әр этностың таңдаулы дәстүрлі мәдениетінен бірігіп, қалыптасқанын айтты. «Манас» сынды мәдени мұралар аз ұлттардың ғана асыл байлығы емес, Жұңхуа ұлтының да қымбат қазынасы екенін, оны ел игілігіне айналдыра түсу үшін, сабақтастықты одан әрі дамытып, қорғап, сұрыптау жұмыстарын жауапкершілікпен атқару керек екенін баса айтты.
people.cn © People's Daily Online