Батыс Сычуань үстіртіндегі заманауи малшылар (4)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 шілде
Батыс Сычуань үстіртіндегі заманауи малшылар

18 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Ба Чжоу мен оның әйелі Луо Ричжуома Сычуань өлкесінің Аба Тибет және Цян автономиялық облысы Руэргай ауданындағы тибет малшылары. 8 жаннан тұратын бұл отбасының 133 гектардан астам шабындық жері, 200-ден астам қодасы бар.

Ба Чжоудың отбасындағылар жылына 15 шақты қодас сатып, жергілікті «Үстірттегі қазына» атты сүт компаниясына 5000 килограмм жаңа сауылған сүт өткізіп, отбасының жылдық табысын 100 мың юаньға жеткізеді.

Жыл сайын маусым-қараша айларында малды ауылдағы ортақ бағымға жеткізіп, өздері екі ай бойы елді мекенде тұрады. Ал қалған уақытын жайлауда малдың жанында өткізеді. Мал бағымдығына жол салынып, электр жүйесі тартылған. Ба Чжоудың екі көлігі болғандықтан, кез келген уақытта ұзақтығы 40 шақырым болатын ауылдарына қатынап, ата-аналарының хал-жағдайын біліп келеді.

Бұл аудан қазіргі таңда дәстүрлі мал шаруашылығынан заманауи мал шаруашылыққа көшу үстінде. Кейбір малшылар жайылым, қорықта бағым мен азықтандыруды ұштастырған тиімді өндіріс тәсілін қолданып үлгірді. Ба Чжоу отбасындағылар да мал бағуға қолайлы болу үшін жылы қоражай салуды ойластырып жүр. Табиғаттың экологиялық келбетін қорғау мен дамудың сапалылығын мақсат еткен жергілікті малшылар, біртіндеп заманауи мал шаруашылығына ойыса бастады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото