«Кішкентай пойызды» көріп пе едіңіз?

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 шілде

19 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжің-Сянган жүрдек темір жолының Аньцин-Цзюцзян бөлігіндегі Бяньючжоу Янцзы өзенінің теміржол көпірі Янцзы өзенінің үстіне салынған. Бұл Қытайдағы аралығы ұзақ, тармақ жолдары мол және сыйымдылығы ең жоғары аспалы қорапшалы теміржол көпірі. Жүрдек пойыздар көпірден қайшылысып өтіп жатқанда, оның астындағы болат қораптың ішінде «кіп-кішкентай пойыз» да қозғалыс үстінде болады.

Мәліметтерге сәйкес, Бяньючжоу Янцзы өзені темір жол көпірінің болат қорап арқалығында жалпы 352 қорап бөлмесі бар. Әрбір 3 метр сайын бір қорап бөлме орналасқан. Қорап арқалықтарының ішінде төселген жолдардан электрлі «шағын пойыз» жүре алады. Сөйтіп, «кішкентай пойыз» көпір қызметін бақылау үшін, өзенді ендей өтетін аспалы көпірдің астындағы болат қорапшалардың ішінде тынымсыз жұмыс жасайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото