2022 су қайнарын ғылыми-зерттеу экспедициясы басталады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 25 шілде
2022 су қайнарын ғылыми-зерттеу экспедициясы басталады

25 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 24 шілде күні Цинхай өлкесінің Юйшу Тибет автономиялық облысында 2022 жылғы өзен қайнарын жан-жақты ғылыми-зерттеу экспедициясы іске қосылды. Бұл экспедиция Янцзы өзені мен Ланцанцзян өзендерінің қайнарындағы ағындарға «физикалық сараптамалар» жүргізеді. Оның ішінде мұздың сақталуы мен сазды жердегі көміртегі байлығын бақылау ғылыми экспедицияның басты мақсаты болып табылады.

2022 жылғы өзен қайнарын жан-жақты ғылыми-зерттеу экспедициясы Янцзы мен Ланцанцзян өзені қайнарларындағы су ресурстары мен судың экологиялық ортасы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді. Тексеру аясына мұздықтар, өзен гидрологиясы, ағынды құм, өзеннің ахуалы, су ортасы, су экологиясы, су ресурстары, топырақтың шайылуы, мәңгі тоң, жер бедері сияқты салалар кіреді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото