Тайхан шатқалындағы Шибаньянь тас жолы

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 шілде
Тайхан шатқалындағы Шибаньянь тас жолы

28 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Шибаньян қалашығы Хэнань өлкесінің таулы аймағында орналасқан. Бұл 5А-деңгейдегі ұлттық көрініс аумағы Тайхан шатқалына қарайды. Аумақтың құлама жартастары мен асу өзендерінің көрінісі көз сүйсіндіреді. Өңірдегі Линьчжоу қаласы мен Шибаньян қалашығын байланыстыратын ирелеңдей созылған Линши тас жолы «Қытайдағы ең көркем ауыл жолдарының ондығына» кірген. Сонымен бірге мұндағы Линьху тауы халықаралық планер базасы «Азиядағы бірінші, әлемдегі бірегей» планер деген атқа ие. Мұнда саяхатшылар көркем жолдармен жүре отырып, шатқалдың көрінісін тамашалай алады. Сондықтан да көптеген саяхатшылар осы араға аялдап, арнайы ат басын бұрады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото