Цилиань тауының етегіндегі «Бұғы бағы» (2)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 шілде
Цилиань тауының етегіндегі «Бұғы бағы»

28 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Цилиань тауының солтүстік етегінде орналасқан Ганьсу өлкесінің Чжанье қаласындағы Сунань Сары ұйғыр автономиялық ауданында «Бұғы бағы» бар. Жаз маусымында бара қалсаңыз алыстан айбынды Цилиань тауы көрінсе, баурайында бұғылар үйір-үйір болып жайылып жүреді.

Сунань - Қытайдағы бірден бір Сары ұйғыр автономиялық ауданы. Сунань ауданының бұғы фермасы Цилиань тауларының ортасында 2700-3000 метр биіктіктегі еңселі тау аңғарына орналасқан. Мұнда қазір 600-ден астам Цилиань тауы бұғысы қолға үйретіліп, өсірілді.

Мәліметтерге сәйкес, Цилиань тауларындағы бұғылар 2700 метрден 3500 метрге дейінгі биіктіктегі жайлауда өседі. Бұғылар дәрілік шөбі мол алқапта жайылатындықтан, олардың мүйізі мен қанының тағамдық құнары ерекше. Оларды жазық жердегі бұғы және сика бұғыларымен салыстырғанда, оның қан құрамындағы гемоглобин де жоғары болады. Бұл бұғы өнімінің сапасын арттыра түсті. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото