- Барлық ақпарат
Сямэнь және Чжанчжоу қаласының сулы аумақтарында біріккен круиздік іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр (6)
![]() |
4 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 3 тамыз күні Тайвань бұғазындағы бірінші ауқымды круиздік құтқару кемесі «Теңіздегі шолу-06» мен Сямэнь теңіз қауіпсіздігі басқармасы қатарлы орындардан құралған жеті кемеден тұратын құрамды жасақтады. Олар Шығыс Қытай теңізінің құтқару-ұшу тобымен ынтымақтасып, кәсіби құтқару тікұшақтары арқылы Сямэнь және Чжанчжоу қалаларының теңіз аймақтарында круиздік іздестіру-құтқару бірлескен әрекеттер жүргізеді. Бұл шара теңіз бен әуедегі бірлескен ауқымды круиздік іздеу және құтқару жаттығулар жобасы болмақ.
Мәліметтерге сәйкес, алдағы бірнеше күнде «Теңіздегі шолу-06» Фуцзянь өлкесінің теңіз жағалауында круиздік және құқық қорғау шараларын жалғастырып, Тайвань бұғазындағы су қатынасы қауіпсіздігін ынтымақтаса отырып сақтауға бар күш-жігерлерін жұмылдырады.
people.cn © People's Daily Online