Юннан Милэ: Хош иісті жүзім фермерлердің кірісін арттыруға көмектесті (2)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 тамыз
Юннан Милэ: Хош иісті жүзім фермерлердің кірісін арттыруға көмектесті

10 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жуырда Юньнань өлкесінің Хунхэ Хани және И ұлттық автономиялық облысының Милэ қаласындағы Дунфэн фермасында 1,6 мың гектардан астам жүзім алқабын жинау жұмысы аяқталып келеді. Осы жолғы жинау маусымында шаруашылықтың жүзім өнімі 50 мың тоннаға жетіп, сату көлемі 250 миллион юаннан асты.Бұл көрсеткіш жергілікті тұрғындардың табысын арттыруға көмектесті.

Милэ қаласы соңғы жылдары өзінің ерекше климаттық артықшылықтарына сүйене отырып, жергілікті жағдайға сай жүзім өнеркәсібін дамытып, жүзім егу технологиясы мен сапасын жақсарту үшін жетекші кәсіпорындарды пайдаланды. Сөйтіп жергілікті тұрғындардың кірістерін арттырып, шаруашылығын шалқытуына көмектесті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото