Ляньюньган, Цзянсу: «теңіз теміржол аралас тасымалы» «Бір белдеу, бір жолға» жарқын жаңалық әкелді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 тамыз
Ляньюньган, Цзянсу: «теңіз теміржол аралас тасымалы»  «Бір белдеу, бір жолға» жарқын жаңалық әкелді

11 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жыл басынан бері Цзянсу Ляньюньган порты жан-жақты тасымалдаудың кешенді дамуына және теңіз-теміржол аралас тасымалдың бірегей артықшылықтарына толық мүмкіндік берді. Халықаралық транзиттік контейнерлер Қытай-Еуропа жүк пойыздарының жоғары сапада дамуына белсенді ықпал ету үшін, «жүкті кеме мен көлік арасында тікелей алмастыру» әдісін пайдаланып, халықаралық өнеркәсіптік және жеткізу тізбегінің біркелкі ағынын қамтамасыз етті. Қытай-Еуропа жүк пойыздары үздіксіз өсу үрдісін сақтап, «Бір белдеу, бір жол» жобасының жоғары деңгейде, бірлесе жұмыс жасауы үшін қуатты қолдау көрсетті. Ақпараттарға сәйкес, ағымдағы жылдың алғашқы жеті айында Қытай-Еуропа бағытындағы 456 пойыздың Ляньюньган Қытай-Қазақстан логистикалық базасынан бағыт алуы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,5%-ға өскен. Контейнердің кіріп-шығу көрсеткіші 150 800 TEU-ді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,5%-ға артқан.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото