Ақсай Қазақ автономиялық ауданындағылар үстірттегі құмды тізгіндеумен әбігер (5)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 12 тамыз
Ақсай Қазақ автономиялық ауданындағылар үстірттегі құмды тізгіндеумен әбігер

12 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылдың 10 тамызында Ганьсу өлкесінің Ақсай Қазақ автономиялық ауданындағы Цилиан таулары ұлттық саябағында теңіз деңгейінен 3000 метрден астам биіктіктегі сайын далада жұмысшылар құмды тізгіндеуде. Мұнда жайлаудың экологиялық ахуалын сақтау үшін шөп отырғызылып, құмды тежеу жүзеге асырылып жатыр.

Соңғы жылдары Ганьсудағы Ақсай Қазақ автономиялық ауданы Цилиан тауының ұлттық саябағы мен Суган көлінің жайлаулы сазды жерлерін экологиялық қорғау мен қалпына келтіру жұмыстарын үздіксіз жүргізді. Осындай қажырлы еңбектің арқасында жайлаудың көркі кіріп, экологиялық ортасы оңала түсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото