Қытай-Еуропа жүк пойызының Вуси-Ляньюньган-Өзбекстан бағытындағы «Цзянсу» пойызы жүре бастады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 тамыз
Қытай-Еуропа жүк пойызының Вуси-Ляньюньган-Өзбекстан бағытындағы «Цзянсу» пойызы жүре бастады

 

15 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылдың 13 тамызында Вуси Батыс теміржол вокзалы логистикалық паркінде Уси-Ляньюньган-Өзбекстан бағытындағы «Цзянсу» Қытай-Еуропа жүк пойызы ресми түрде жолға шықты.

Пойызға Вусидегі жергілікті кәсіпорындар шығарған тұрмыстық техника, дөңгелектер және автокөлік бөлшектері сияқты әртүрлі тауарлар тиелген. Жалпы саны 100 TEU бар 1000 тоннадан асатын заттардың құны 30 миллион юаньға жетеді. Ол Вуси-Батыс теміржол вокзалынан Ляньюньган (Солтүстік Сюгу) станциясына жөнелтіліп, құрастырылады. Содан кейін Өзбекстан мен Қазақстанды бетке алып, 20 күндей жол жүреді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото