Волейболдан 2022 жылғы ерлер арасындағы Азия кубогында Қытай құрамасы чемпион атанды (3)

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 тамыз
Волейболдан 2022 жылғы ерлер арасындағы Азия кубогында Қытай құрамасы чемпион атанды

15 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тамыздың 14-і күні кешке Таиландтағы Накхон Патхом гимназиясында волейболдан ерлер арасындағы Азия кубогының 2022 жылғы финалы өтті. Қытай құрамасы Жапония командасын 3-0 есебімен жеңіп, 10 жылдан кейін қайтадан чемпион атанды.

Биылғы жылы волейболдан ерлер арасындағы Азия кубогына барлығы 11 команда қатысты.Қытай құрамасы жарысқа бірінші қатардағы команданы жіберіп, жақсы бәсекелестік көрсетті. Топтық және жартылай финалдық кезеңде Қытай құрамасы қатарынан төрт рет жеңіске жетіп, жартылай финалға сәтті өтті. Жартылай финалда Оңтүстік Корея құрамасымен кездескен Қытай командасы қарсыласын 3:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото