Қытай ғалымдары Тынық мұхиттының батысындағы теңіз тауларында бірқатар жаңалықтар ашты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 16 тамыз
Қытай ғалымдары Тынық мұхиттының батысындағы теңіз тауларында бірқатар жаңалықтар ашты
Теңіз тауындағы маржан орманы

16 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Теңіз тауларының «теңіз астындағы бау-бақша» деген атағы бар. Ол өзінің географиялық ерекшеліктері мен гидрологиялық жағдайына байланысты бірегей биологиялық қауымдастық пен экожүйені қалыптастырған. Бұл түрлі-түсті теңіз өмірінің жиналатын орны және терең теңіздегі биоәртүрлілікті зерттеудің ыстық нүктесі.

Соңғы жылдары ғылым мен технологияның іргелі ресурстарын зерттеу жобасы мен Қытай ғылым академиясының стратегиялық ғылым-технологияның пилоттық жобасының қолдауымен Қытай ғылым академиясының Мұхиттану институтының ғылыми қызметкері Сюй Куйдун бес рет қатарынан еліміздің ірі ғылыми қондырғысы - «Science» теңіз ғылымын кешенді барлау кемесінің бас ғалымы қызметін атқарып, тынық мұхитының батысындағы теңіз тауларында бірнеше рет көпсалалы жан-жақты зерттеу жүргізіп, бірқатар жаңа ашылуларды анықтады.

Сюй Куйдунның айтуынша, «Science» және оның жабдықталған «Discovery» терең теңіз роботын пайдалана отырып, тексеру жүйесі Тынық мұхитының батысындағы тоғыз теңіз тауының қоршаған ортасы мен биоәртүрлілігі туралы алғашқы деректер мен үлгілерді алып, теңіз тауының экожүйе құрылымы туралы танымға қол жеткізді; елімізде ең көп түрлер мен деректері бар теңіз тауларының ауқымды биологиялық үлгі банкін құрды, Тынық мұхитының батысындағы теңіз тауы организмдерінің жоғары әртүрлілігін, жоғары ерекшелігін және төмен байланысын анықтады; теңіз тауларында қорғау маңызы ең жоғары ірі организмдердің 1 жаңа субфамилиясын, 4 жаңа тұқымдасын және 56 жаңа түрін жариялады; теңіз тауларында түрлі-түсті маржан ормандарының үлкен аумағы өсетінін байқап, батыс Тынық мұхитының олиготрофты суларының негізінде жатқан теңіз тауларының жоғары биомассасының шығу тегін анықтады.

"Discovery" терең теңіз роботы теңіз астындағы экскурсиялық көлікке ұқсайды. Көлікке жабдықталған ультра жоғары ажыратымдылықтағы камера, жарықдиодты шамдар және әртүрлі сезімтал зондтар жол бойында көргені мен естігенін нақты уақытта «тікелей трансляциялай» алады. "Discovery" сонымен қатар су үлгілерін, шөгінділерді, тау жыныстарын және биологиялық үлгілерді жинауға арналған әртүрлі жабдықтармен жабдықталған. Үлгілер мен мәліметтерді жинай отырып, ғалымдардың «зертхананы теңіз түбіне көшіру» арманын жүзеге асырып, теңіз түбінде in-situ ғылыми тәжірибелер жүргізуге болады.

«Әлемдегі теңіз түбінде биіктігі 1000 метрден асатын 30 мыңнан астам теңіз таулары бар, олардың тек 1%-ға жуығы ғана биологиялық зерттеуден өткен, яғни 99%-ға жуық теңіз таулары әлі де ашылмаған күйінде. Қазіргі уақытта еліміз жердің тереңдігін анықтау, терең теңізді бақылау және ғарыштан жерді бақылаудан тұратын «үш бақылау» барлау стратегиясын толығымен жүзеге асыруда. Теңіз тауын зерттеудың жаңа даму мүмкіндіктері де болып жатыр, алда талайлаған теңіз тауының құпиялары ашылатын болады» - деді Сюй Куйдун.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото