Си Цзиньпин Ляонин өлкесінің Цзиньчжоу қаласында қызметтік тексерісте болды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 тамыз
Си Цзиньпин Ляонин өлкесінің Цзиньчжоу қаласында қызметтік тексерісте болды

17 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 16 тамыз күні түстен кейін ҚКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы және Орталық Әскери Кеңес төрағасы Си Цзиньпин Ляонин өлкесінің Цзиньчжоу қаласындағы Ляонин-Шэньян шайқастарының ескерткіш сарайы мен Шығыс көл орман саябағын толық аралап, солтүстік-шығыс азаттық соғысының тарихы мен Ляонин-Шэньян шайқасының жеңісті кезеңдеріне шолу жасады. Сонымен бірге Төраға Ляонин өлкесіндегі су тасқынына қарсы жұмыстарды және жергілікті экологиялық ортаны қалпына келтіру мен қорғауды күшейту жағдайының таныстырылымын тыңдады. Бас хатшы су тасқынына қарсы күресте тиянақты жұмыс атқарып, апаттан қорғану қабілетін жетілдіру туралы маңызды нұсқаулар берді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото