Silk Expo: жасыл индустрия мен интеллектуалды өндіріс «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы сауда ынтымақтастығының жаңа өсу нүктелеріне айналды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 тамыз
Silk Expo: жасыл индустрия мен интеллектуалды өндіріс «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы сауда ынтымақтастығының жаңа өсу нүктелеріне айналды

17 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 16 тамызда 6-ншы халықаралық «Жібек жолы» көрмесінде көрермендер Сиань көрме аймағындағы авиациялық өндіріс саласымен танысты.

«Жібек жолы» көрмесі тамыздың 16-сында Шэньси өлкесінің Сиань қаласында ашылды. Оңтүстік Корея, Тайланд, Сингапур сияқты 70-тен астам елдер мен аймақтардан келген шетелдік қонақтар мен сауда қызметкерлері, сондай-ақ 20-дан астам ел өлкелерінің сауда мамандары онлайн және офлайн режимінде көрмеге қатысты. Қатысушылар «Бір белдеу, бір жол» жобасын бірлесіп құруға атсалысып, халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін бөлісті.

«Бір белдеу, бір жол» жобасы басталғанан бергі 9 жыл ішінде еліміз бен «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдер арасындағы сауда көлемі тұрақты түрде өсті. Қазіргі уақытта жасыл индустриялар мен интеллектуалды өндіріс «Бір белдеу, бір жол» бастамасының жоғары сапада дамуына үздіксіз ықпал етіп, осы бастама аясындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығының жаңа қарқынды нүктесіне айналды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото