Хуаншань тауын көзінің қарашығындай күзеткендер

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 тамыз
Хуаншань тауын көзінің қарашығындай күзеткендер

17 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Хуаншань тауы бұлт теңізімен, құлама жартастарымен және қонақжай қарағайымен әйгілі. Осы таудың көрікті табиғатын көзінің қарашығындай күзететін бір топ қызметкерлер бар.

Хуаншань тауындағы қарағайдың бұтақтары тарбиып, құшағын кең жайып өсетіндікткен қонақжай қарағай деп аталады. Қонақжай қарағайды жан жақты қорғау үшін, 1980 жылдардан бері Хуаншань тауы қарағайын толық қорғайтын қызметкер дайындалды. Сөйтіп 2010 жылы Ху Сяочунь қонақжай қарағайды қорғайтын 19-ыншы қызметкер болып тағайындалды. Ол 12 жыл бойы тауда жылына 300 күннен артық болып, осы қарағайды күзетіп келеді.

Ал Ли Пейшэн болса қанша жылдан бері тауға өрмелеп, қоқыстарды жинап немесе туристерге жоғалған заттарын табуға көмектесіп әрі таудың жағдайын барлап келеді. Ли Пейшэннің 20 жылдан астам уақыт бойы беліне байлап құздан түскен арқанының ұзындығы 1800 шақырымнан асты. Бұл 200-ден астам Джомолунгма тауының биіктігіне тең.

Ол екеуі де «Қытайдағы жайсан адам» атанды. Осындай ізгі жандар неше жылдардан бері Хуаншань тауының табиғатын көздерінің қарашығындай қорғап келеді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото