Сары өзеннің саздығында асыр салған аққұтандар

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 19 тамыз
Сары өзеннің саздығында асыр салған аққұтандар

19 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Күздің басында, Шаньси өлкесінің Юньчэн қаласындағы Пинлу сары өзен саздығына мыңдаған аққұтандар жиналды. Олар саздықта ұшып- қонып, жем іздеп, асыр салып, кұз басындағы сары өзен саздығының әдемі пейзажына айналды.

Соңғы жылдары Шаньси өлкесінің Юнчэн қаласы Хуанхэ өзені саздығының экологиялық ақуалын үздіксіз жақсартып, саздықта оқшаулау торларын құру, кедергілерді жою және ескерту белгілерін ілу сияқты шараларды жүзеге асырды. Сол арқылы құстар мекенінің қауіпсіз кеңістігі қамтамасыз етіліп, сары өзен алқабын түрлі жыл құстары үшін жайлы қонысқа айналдырды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Renato Lu)

Фото