Шанхай еркін сауда аймағы Линьган жаңа аумағының құрылғанына үш жыл толуына орай негізгі құрылыс жобаларының басталу салтанаты өтті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 23 тамыз
Шанхай еркін сауда аймағы Линьган жаңа аумағының құрылғанына үш жыл толуына орай  негізгі құрылыс жобаларының басталу салтанаты өтті

23 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 22 тамызда Шанхай еркін сауда аймағы Лиганг жаңа аумағының үш жылдығына арналған негізгі құрылыс жобаларының басталу салтанаты сәтті өтті. Шараға Джайта жартылай өткізгішін кеңейту жобасының негізгі алаңы мен 11 бөлімше алаңы қатысты.

Осы жолы басталған 72 негізгі құрылыс нысаны бар жалпы инвестиция көлемі шамамен 153 миллиард юаньды құрайды. Бұл нысандар озық технологияларды, жоғары сапалы тұрғын үйді, муниципалдық көлікті, энергетикалық қауіпсіздікті, экологиялық ортаны, бизнесті, мәдениетті, спортты және туризмді, әлеуметтік және халықтың тұрмысын қамтамасыз етуді, кешенді төмен салық аумағы сияқты құрылымдарды қамтиды. Бұл негізгі құрылыс жобалары Линьган жаңа аймағының дамуын одан әрі тездетеді. Үш жыл бұрын құрылғаннан бері Линьган жаңа аумағының құрылысы қарқынды дамып, барлығы 829 жоба басталды. Жалпы құрылыс алаңы 25,61 миллион шаршы метрге жетті. 150 шақырым жаңадан жөнделген жол, 65 шақырым жаңа қала құрылысы, жаңадан 440 гектар жасылдандырылған аумақ қосылды. Осы уақытқа дейін Линьган жаңа аумағында 640 жоба жүзеге асырылуда.Онда 60 000 құрылысшы жұмыс істейді. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото