Бейжіңде «Insights into Kazakhstan» цифрлық туризм көрмесі ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 тамыз
Бейжіңде «Insights into Kazakhstan» цифрлық туризм көрмесі ашылды

24 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 23 тамыз күні Бейжіңде «Insights into Kazakhstan» цифрлық туризм көрмесі ресми түрде ашылды. Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин, Қытай үкіметінің Еуразия істері жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуэй, Бейжің қалалық ғылым және технология комиссиясының өкілі Ван Цзяньсинь және Қытайдың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Яо Пэйшэн қатысты.

Мәліметтерге сәйкес, цифрлық туристік көрме «шексіз саяхатты» негізгі концепция етіп, жеті көрме аймағынан құрылды. Елес пен шындық тоғысы, VR терминалдары, AR толықтырылған шынайылық көзілдірігі және басқа да технологиялық құралдар арқылы көркем көріністерді, жергілікті ұлттық киімдерді, табылған мәдени жәдігерлерді және ерекше тағамдар топтамасын көрсетіп, қонақтарды Қазақстанның мәдени туризмінде жүргендей керемет күйге бөледі.

Сондай-ақ, 2000 дана таралыммен «Қазақстанның бөлшегі: цифрлық киіз үй» атты цифрлық топтаманың да тұсауы кесілді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото