Шэньсидегі Қытай-Вьетнам арасында алғашқы халықаралық жүк пойызы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 тамыз
Шэньсидегі Қытай-Вьетнам арасында алғашқы халықаралық жүк пойызы ашылды

24 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылдың 23 тамызы күні таңертең пойыз гудогының үнімен 41 вагон асбест тиелген Қытай-Вьетнам пойызы (Сиань-Ханой) Сиань халықаралық порт станциясынан оңтүстікке қарай бет алады. Алда Гуансидегі Пиншян порты арқылы елден шығып, Вьетнам астанасы Ханойға жетеді. Бұл Шэньсидегі Қытай-Вьетнам арасындағы алғашқы халықаралық жүк пойызы, сонымен қатар кері қайтқан Қытай-Еуропа жүк пойызын байланыстыратын алғашқы «асбест пойызы». Бұл Қытай-Еуропа жүк пойызын орталықтандыру (Сиань стансиясы) құрылысын жеделдетуге, сондай-ақ ішкі құрлықта тиімділігі жоғары, қолжетімді, қызмет көрсетуі сапалы халықаралық сауда арнасын құруға жаңа серпін берді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото