ШЫҰ саммитінде істетілетін 87 коммерциялық көліктің бірінші тобы Қорғас шекарасы арқылы шетелге шығарылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 тамыз
ШЫҰ саммитінде істетілетін 87 коммерциялық көліктің бірінші тобы Қорғас шекарасы арқылы шетелге шығарылды

26 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 24 тамыз күні Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитінің 87 коммерциялық көлігінің бірінші тобы Қорғас шекарасынан шығып, Өзбекстанның тарихи қаласы Самарқанға бет алды.

Мәліметтерге сәйкес, 2022 жылғы 15-16 қыркүйек аралығында Өзбекстанның Самарқан қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 22-нші отырысы өтеді. Jilin China FAW Group компаниясы ұсыныспен ШЫҰ-ның 2022 саммитіне 150 конференц-автомобильдерін даярлап, екі топқа бөліп, Шыңжаңның Қорғас шекарасы арқылы шетелге шығарды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото