- Барлық ақпарат
Күріші дәмді, балығы семіз!Юньнань Аньниннің «күріш гүлі балығынан» мол өнім алынды
(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 5 қыркүйек
5 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Жуырда Юньнань өлкесінің Аньнин қаласындағы «күріш гүлі балығы» атызынан мол өнім алынды. Мәліметтерге сәйкес, күріш алқабында балық пен күріш өсіруді органикалық түрде үйлестіретін кешенді экологиялық ауылшаруашылық бастамасы қолға алынды. Күріш атызындағы балықтар су жәндіктерімен, күріш гүлдерімен қоректенеді. Сондықтан оларға арнаулы азық дайындаудың қажеті жоқ. Сонымен бірге күріш арасына балық өсіру атыздағы зиянды насекомдарды жоюмен қатар, балықтың зәрі атызға тыңайтқыш та болады. Міне осындай әдіс күріш алқабының ресурстарын барынша пайдалануға мүмкіндік береді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online